Ақмола облысында 20-сыншы халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысында жиырмасынша халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа орталық Көкшетау қаласы аумағына кіретін Красный яр ауылында ашылды. Көкшетау қаласында орналасқан қызмет көрсету орталығымен интернеттік жүйе арқылы байланыстырылған кеңседе 56 қызмет түрі ұсынылып отыр. Енді 11 мың тұрғыны бар Красный яр, Чайкино, Қызыл жұлдыз ауылдарының тұрғындары ат сабылтып Көкшетауға келмейтін болды. Мұнда құжаттар қабылдайтын - бес, дайындарын кері қайтаратын екі бөлім, қосымша нотариус, суретке түсіру, банк қызметтері ескерілген. Электронды жүйе арқылы адамдардың кезек күтіп тұруын жою мүмкіндігі қарастырылған. Қала әкімі Бақыт Сапаровтың айтуынша, ендігі күні облыс орталығынан алшақта тұратындарға басқа да қызмет көрсету шаралары жергілікті жерге жақындатылатын болады.

Соңғы жаңалықтар