Ақмола облысында 2009 жылдың қаңтар-қараша айында 13 387 адам жұмыспен қамтылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика басқармасының деректеріне селтеме жасап.
Ағымдағы жылдың қараша айының соңындағы деректерге сәйкес, еңбекпен қамту және әлеуметтік үйлестіру басқармасының құзырлы органдарында 5 257 адам жұмыссыздар қатарында есепке алынған, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 678-ге көп болса, жұмысқа орналастырылғандар үш есеге көп. Тек өткен айда 1 616 адам жұмысқа қабылданып, 208-і кәсіби шеберлігін жетілдіру және қайта даярлау курстарына, 106 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. Аймақтар бойынша жұмысқа орналастыру жөнінде Ақкөл, Ерейментау, Есіл аудандарында бір мыңның үстінде, Атбасар мен Бурабайда -1800, ал Көкшетау мен Степногор қалаларында екі мыңнан сәл астам адам өтініш білдірген. Осы уақытта Атбасар ауданы мен Степногор қаласында 1500, Көкшетау қаласы мен Бурабай ауданында 1 200 адам жұмысқа қабылданған.