Ақмола облысында 4 миллион гектар алқапқа дәндік дақылдар себілді

КӨКШЕТАУ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының деректеріне сәйкес өңірде төрт миллион гектар алқапқа дәндік дақылдар тұқымы себілді, бұл барлық межелі деңгейдің 98 пайызына тең,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Басқарма бастығы Айгүл Ахмеджанованың айтуынша, Ақкөл, Атбасар, Зеренді, Сандықтау, Шортанды аудандарының диқандары көктемгі тұқым себу жұмыстарын жоғары агротехникалық талаптарға сай атқарған. Жалпы ағымдағы жылы егіс алқабы өткен жылға қарағанда 200 мың гектарға ұлғайтылды. Бүгінде негізгі дақылмен қатар майлы дақыл алқабы 10 мың гектарға артты, картоп отырғызу -75, көкөніс 17 пайызға көбейтілген. Ағымдағы жылы егіншілік шаруашылығын өркендету мақсатына республикалық бюджеттен 3,5 миллиард теңге қарастырылып отыр.
Соңғы жаңалықтар
Референдум