15:35, 04 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Ақмола облысында 40 жастағы әйел байлаудағы итті ұрлап әкетті
АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жергілікті ішкі істер бөліміне Ақкөл қаласының тұрғыны келіп, белгісіз адамдардың оның байлаудағы итін ұрлап әкеткенін хабарлады.

Келтірілген шығын сомасы 5000 теңгені құрады, деп хабарлайды Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Ұрлықты Марта есімді қызметтік ит ашуға көмектесті, дәл осы ит тәртіп сақшыларын айғақ дәлелдер алынған үйлердің біріне әкелді. Полицейлер мойындау түсініктерін берген 40 жастағы күдікті әйелді ұстады.