09:57, 04 Маусым 2009 | GMT +5
Ақмола облысында 4788 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады
КӨКШЕТАУ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін Ақмола облысы бойынша 572 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеу арқылы 11 жылдық білім деңгейін анықтауға кірісті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Басқарма бастығының орынбасары Тұрлыбек Әділжановтың айтуынша, ағымдағы жылы облыс көлемінде 5618 оқушының 4788-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдірген. Ол өңірдегі 8 ірі орталықта және Астанадағы үш жоғары оқу орнында өткізілетін болады. Шалғай ауылдардың түлектерін тасымалдауға 194 көлік бөлініп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жергілікті полиция қызметкерлеріне жүктелді. Тестілеуге әкелінген 1394 оқушы үшін жатар орын қарастырылған. Сонымен қатар ыстық ас, дәрігерлік қадағалау шаралары ескерілген. Биылғы оқу жылында мектеп бітірушілердің 207-сі «Алтын белгіден» ,ал 81-і үздік аттестаттан үмітті.