18:09, 03 Мамыр 2013 | GMT +5
Ақмола облысында 8 жасар қыз балаға тас лақтырып жарадар еткен
АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Жақсы ауданында екі 7 жасар қыз балалар құрбысына тас лақтырып, денсаулығына зақым келтірген. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Жақсы аудандық орталық ауруханасына бас сүйегі мен миына зақым келіп, жарадар болған 8 жастағы қыз келіп түсті. Жергілікті полицейлер болған оқиғаның мән-жайын тексергенде, оған 7 жасар қыз балалар көшеде тас лақтырып жәбірлегені белгілі болды.