09:54, 27 Шілде 2015 | GMT +5
Ақмола облысында 800 тонна шөпті өрт жалмады
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Аршалы ауданының Түрген ауылында « «Агрофирмапоиск» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қысқа жинаған төрт мая шөбін өрт жалмады, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.
ТЖД мәліметі бойынша өрт шілденің 25-нен 26-на қараған түні сағат 00:22 минут шамасында орын алған. Осының салдарынан «Агрофирмапоиск» ЖШС-нің қысқа жинаған мал азығы, яғни барлығы 800 тоннаны құрайтын 4 мая шөбі күйіп кеткен. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД 6-ӨБ жеке құрамынан 6 адам мен 2 бірлік техника және 3 өрт сөндіру насосы, сондай-ақ, серіктестіктен 4 бірдей К-700, су тасымалдайтын үш ГАЗ-53 көлігі, 1 бульдозер және 30 жұмысшы жұмылдырылды.