Ақмола облысында ағымдағы жыл басынан бері айлық жалақы 13,3 пайызға өсті

КӨКШЕТАУ. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысында орташа айлық жалақы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,3 пайызға өсіп, 46 854 теңгені құрап отыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика басқармасының деректеріне сілтеме жасап.

Осы кезеңдегі ең жоғары айлық табыс құрылыс саласында 78 180 теңге, ең төменгі жалақы балық шаруашылығында 27 667 теңге деңгейінде қалыптасқан. Бюджеттік сала бойынша білім беруде жалақы 37 842 теңге, денсаулық сақтау саласында 40 128 теңге, бұл облыстық орта көрсеткіштен тиісінше 25 және 18,6 пайызға төмен. Аймақтар бойынша алып қарағанда айлық еңбек ақының өсуі Астрахан, Сандықтау аудандарында 50 пайызға, Бұланды, Жақсы аудандарында 39 пайызға, Зеренді, Қорғалжын, Шортанды аудандарында 30 пайызды құраса, ал Егіндікөл ауданындағы жалақы өткен жылғы деңгейден де төмен. Айлық табыстың орта көрсеткіші Бурабай, Ерейментау, Еңбекшілдер, Шортанды аудандары мен Көкшетау мен Степнгор қалаларында облыстық жетістіктен 6-15 пайыз аралығында жоғары.

Соңғы жаңалықтар