09:42, 27 Қазан 2009 | GMT +5
Ақмола облысында ағымдағы жыл ішінде 4 миллиард 85 миллион теңгенің байланыс қызметі көрсетілген
КӨКШЕТАУ. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысында ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 4 миллиард 85 миллион теңгенің, оның ішінде тұрғындарға 2 миллиард 707 миллион теңгенің байланыс қызметі көрсетілген,

өсім тиісінше 5,4 және 6,9 пайызды құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика басқармасының деректеріне сілтеме жасап.
Осы уақыт аралығында байланыс саласында түскен пайданың 33,9 пайызы халықаралық телефон қарым-қатынасына тиесілі болса, 23,5 пайызы жергілікті телефон байланысына, 5,1 пайызы телерадиоарналарының хабарларын таратудан, 4,7 пайызы пошта және курьерлік қызметке қатысты. Ал соңғы уақытта ауқымы кеңейіп, қызметін пайдаланушылар қатары өсіп келе жатқан ғаламтор бойынша 15,2 пайызды құрап отыр.