10:16, 07 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Ақмола облысында ағымдағы жылдың екінші тоқсанында айлық орташа табыс 19 пайызға өскен
КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облысы бойынша ағымдағы жылдың екінші тоқсанында бір жұмысшының орташа айлық атаулы жалақысы 55 823 теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 19 пайызға өскен көрінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінің деректеріне сілтеме жасап.
Статистикалық мәлеметке сәйкес осы уақыттағы ең жоғары айлық табыс құрылыс саласында 78 553 теңгені, ең төменгі жалақы орман және балық аулау шаруашылығында 34 111 теңгені құраған. Бұл ретте білім саласы қызметкерлерінің орташа айлықтары 57 225 теңге, бұл облыстық орта көрсеткіштен 1,8 пайызға кем болса, денсаулық саласында 55 842 теңге дегейінде сақталған. Кен өндіру саласында орташа айлық табыс 66 303 теңге, экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша 58 246 теңге төңірегінде қалыптасып отыр.