Ақмола облысында ағымдағы жылдың жеті айында 86,8 мың шаршы метр баспана іске қосылды

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облысы бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айында 86,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінің деректеріне сілтеме жасап.

Ағымдағы жыл ішінде іске қосылған баспаналардың 60 пайызы жеке құрылысшылар үлесіне тиесілі болса, 15,2 пайызы мемлекеттік ұйымдардың қатысуымен салынып отыр. Бүгінгі күні олардың әр шаршы метрі 36,2 мың теңгеден айналған. Жалпы аймақ бойынша өткен мерзімде 23 776 миллион теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды. Оның 88 пайызы жеке құрылысшылардың атсалысуымен, 9,3 пайызы мемлекеттік нысандағы кәсіпорындар мен ұжымдар, 2,7 пайызы шетел мердігерлерінің еншісіне тиесілі.

Соңғы жаңалықтар