Ақмола облысында әкімдердің 700 есепті кездесуі өтеді

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысы бойынша ағымдағы жылғы қаңтардың оны мен ақпанның оны аралығында әр деңгейдегі әкімдердің 700 есепті кездесуі өткізілетін болады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі аппаратының басшысы Серік Есмағанбетовтың айтуынша, бірінші кезекте селолық және ауылдық округтерде жергілікті тұрғындардың қатысуымен - 414, екінші кезеңде аудандар мен қалалар әкімдерінің 278 есепті кездесуі өткізіледі. Соның барысында жыл ішіндегі атқарылған жұмыстар сарапталып, шешімін күткен мәселелер айқындалады.

Қазіргі күні әр округтерде экономикалық кеңестер құрылған. Олар жергілікті жерлердегі қоғамдық ұйымдарды топтастырып отыр. Кеңес отырысында бюджет қаржысын бөлу, басым бағыттарды анықтау мәселелері талқыланады. Есепті кездесулер барысында арнайы қойылған жәшіктердегі сауалдар, арыз-шағымдар қарастылып, жұртшылық назарына бейне көріністер ұсынылады. Іс-шараға тиісті кәсіпорындар мен ұйымдар, ведомство басшылары, әр деңгейдегі мәслихаттар депутаттары, мемлекеттік емес ұйымдар мен саяси партиялар өкілдері қатысып, қаралған мәселелер төңірегінде ой бөлісіп, ортақ іс-қимыл белгіленбек.

Соңғы жаңалықтар