Ақмола облысында артиллериялық снаряд табылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Ерейментау қаласында қараусыз қалған полигоннан артиллериялық снаряд табылды, полиция тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Рolice.kz-ке сілтеме жасап.
None
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Аталған ерекше затты аудан орталығының тұрғындары Ерейментау қаласының шетіндегі қараусыз қалған қоқыс полигонының аумағында металл жинау кезінде тапқан. Снарядты көрген ақмолалықтар дереу құқық қорғау органдарына хабарласқан.

ПД техниктерінің бастапқы тексеру қорытындысына сәйкес, бұл зат коррозиямен толық тот басқан 125 мм фугасты снаряд екені анықталды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында табылған қару сол жерде жойылды жән оның сынықтары сараптамаға жолданды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында іздеу жарияланған полиция қызметкерінің денесі табылғанын жазған едік.



Соңғы жаңалықтар