Ақмола облысында аса ірі көлемдегі ұрлық жасаған Ресей азаматы қолға түсті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында аса ірі көлемдегі ұрлық анықталды. Бұл туралы облыстық ІІДБ баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Полицейлердің мәліметі бойынша, 22-ші қараша күні Еңбекшілдер аудандық ІІБ аудандық «Қазпошта» торабының басшысы Заозерное селосындағы пошта бөлімшесіндегі сейфтен белгісіз біреулердің 2,5 миллион теңгені қолды қылғанын айтып, шағымданған. Осыған орай, қолға алынған жедел-іздестіру шарасы барысында «Алматы - Екатеринбург» тас жолының бойында «Форд Сиена» авто көлігі тоқтатылып, ішінде отырған жолаушы, яғни, 1991 жылғы күдікті қолға түскен.

Кейін белгілі болғандай, күдікті Ресей Федерациясының азаматы болып шықты. Ағымдағы жылдың сәуір айында Қазақстанға жұмыс істеуге келген. Соңғы кездері аталған «Қазпошта» бөлімшесінде от жағушы болып жұмыс істеген. Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылып, заттай дәйектер-ұрланған ақша тәркіленді. Сондай-ақ, күдіктінің үстінен ҚР ҚК 175-бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар