12:51, 12 Тамыз 2015 | GMT +5
Ақмола облысында «Астана -Петропавл» тас жолының бойында адам өліміне әкеліп соқтырған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Астана -Петропавл» тас жолының 77-ші шақырымында адам өліміне әкеліп соқтырған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабаралады. Еске сала кетсек, жол апаты 11-ші тамызда күндізгі уақыт 12:16 минут шамасында Шортанды ауданы аумағы арқылы өтетін «Астана - Петропавл» тас жолының 77-ші шақырымында орын алды.Оның салдарынан «Тойота-Салара» автокөлігінің 1988 жылғы жүргізушісі опат болды. Кейін белгілі болғандай, көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай жолдың шетіндегі қоршауға соғылып, алған дене жарақатынан көз жұмған. Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345 бабының 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, бірқатар сараптама жұмыстары тағайындалды.