Ақмола облысында ауа райының күрт суытуынан мектептерде сабақ уақытша тоқтатылды

КӨКШЕТАУ. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысы бойынша ауа райының күрт суытуына байланысты барлық білім ошақтарында сабақ уақытша тоқтатылды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.

Облыстық білім беру басқармасынан алынған мәліметтерге сәйкес таңғы сағат сегізде ауаның температурасы  Көкшетау қаласында минус 35 градус, Зерендіде 40, Бұландыда 35, Степногор қаласында 32, Астрахан ауданында 31, Атбасарда 27 градусты көрсеткен. Сондықтан да баланың денсаулығын сақтау ниетімен 1-11-ші сыныптарда сабақ өткізілмейтін болды. Дегенмен сақтық шараларына орай барлық мектептерде арнайы кезекшіліктер қарастырылып, оқу орнының жылу,су, электр жүйелері ерекше бақылауға алынған.

Соңғы жаңалықтар