Ақмола облысында баға мониторингі өткізілді

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 31-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облыстық статистика басқармасы өткен жылдың желтоқсан айы бойынша бағаның тұрақтануын қадағалау мақсатымен мониторинг өткізіп, бірқатар азық-түлік бағасының өсу үрдісін айқындаған,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бағаның өсуін айқындау ниетімен көпшілік сұранымға ие 20 азық-түлік тауарлары іріктеліп алынған. Сол бойынша сарапталған азық-түліктің 60 пайызы отандық, 7 пайызы ТМД елдерінен, қалғандары алыс шетелдерден әкелінгендер болды. Бұл ретте сауалнамаға қатысқандардың 98 пайызы отандық қантты, 94 пайызы ішімдік пен күрішті, 86 пайызы сұйық май мен кондитер бұйымдарын, 63 пайызы шұжық өнімдерін, 68 пайызы майонезді қалайтын көрінеді. Ресейден әкелінген сәйкес тағамдардың бағасы едәуір жоғары. Айталық спирттік ішімдік-2,1 есеге, вермишель-50 пайызға, шәй-44,1 пайызға, күріш-33,7 пайызға, майонез-27,1 пайызға, шұжық, ірімшік,томат пастасы-11 пайызға, сұйық май 2,2 пайызға қымбат. Сатып алушылар арасында отандық тауарға 81 пайызы ерекше ден қойса, 16,2 ресейлік тағамдарды, 1,1 пайызы ТМД елдерінің тауарларына, 1,7 пайызы басқа елдер азық-түлігін қалайтын көрінеді. Тұтынушылардың 66,4 пайызы ұзақ мерзімді қор жасауға ынталы болса, олардың 80 пайызы ұн, 61 пайызы вермишель, күріш, жарма, 58 пайызы қантты молынан алып қоюға тырысады.
Соңғы жаңалықтар