08:40, 27 Қазан 2009 | GMT +5
Ақмола облысында барлық деңгейдегі мәслихаттарға жаңадан 6 депутат сайланды
КӨКШЕТАУ. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, әр деңгейдегі мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына жаңадан алты халық қалаулысы сайланды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Түрлі себептермен босаған депутаттық мандатқа 14 үміткер тіркеліп, тең мүмкіндікті дауыс беру нәтижесінде алтауы жұртшылық сеніміне иелік еткен. Барлық учаскеде 7 мың сайлаушының 86 пайызы өз қалауын жасап, үміт артқан кандидатты қолдап шыққан. Осылайша алдын ала мәліметке сәйкес, Астрахан ауданында Виктор Собеский, Егіндікөлде Гүлден Хамзина, Есілде Қабдеш Тұрсынов, Жарқайыңда Жанат Мыңбаев, Зеренді ауданында Олег Зубань мен Теміртас Салықов көпшілік дауысқа иелік еткен.