Ақмола облысында баспасөз қызметінің қоғаммен тиімді байланысы мәселелеріне арналған семинар өтеді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ертең, 28 шілде күні Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасында баспасөз қызметінің БАҚ және қоғаммен өзара тиімді байланысы жөніндегі мәселелер бойынша оқыту семинар тренингі өтеді.
None
None

Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады. Шараға «ҚазАқпарат» ХАА-нің бас директорының орынбасары Қ.Әбуова, «Казконтент» АҚ-ның интернет жобалар бойынша сарапшы-маманы Б.Макрашев, «BBC-IT» ЖШС-нің директоры Ж.Ысқақова, «Хабар» агенттігінің меншікті тілшісі Д.Шайдаров, «Көкшетау» газетінің бас редакторы С.Жетпісқалиев және «Ақмола Медиа Орталығы» ЖШС-нің директоры А.Әбдрәсілов қатысады деп жоспарланған. Сонымен қатар семинар-тренингке аудан, қала әкімдерінің баспасөз хатшылары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары шақырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар