Ақмола облысында бекіре балығын өсірудің ғылыми-зерттеу жұмыстары қолға алынды

Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағындағы су қоймаларында бекіре балығын өсірудің ғылыми-зерттеу жұмыстары қолға алынып, алғашқы нәтижелер де белгілі болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зеренді балық өсіру орталығының бас маманы Қарасай Балмағанбетовтың айтуынша, бұл игілікті іс өткен жылдың жазында Алматыдағы балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының ғалымдарымен қолға алынған көрінеді. Арнайы ұшақпен Атырау балық зауыты кәсіпорнынан бекіре тұқымдас майшабақтар жеткізіліп, ерекше бақылауға алынған. Болжам бойынша бағалы балық түрін табиғатқа бейімдеу мүмкіндігі бар көрінеді. «Бақылауға алынған 760 шабақтың жетілуі көңілге қуанарлықтай», деп баға беріп отыр алматылық ғалымдар. 1969-шы жылдан бері аймақтың су қоймаларында қажетті балық түр-түрінің көбеюін өз міндеттеріне алған орталықта 20 адам жұмыспен қамтылған. Өткен жылы паркке қарасты және Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары мен өңірдегі 700 су қоймаларына 64 миллион дана майшабақ жіберілсе, биыл ол 82 миллионға жеткізілмек.

Соңғы жаңалықтар