Ақмола облысында биылғы жылы 4,5 миллион гектарға дәнді дақыл тұқымы себіледі

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ағымдағы жылдың көктемінде Ақмола облысы бойынша 4,5 миллион гектар алқапқа дәнді дақыл тұқымы себілетін болады, бұл өткен жыл деңгейіндегі көрсеткіш,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір егіншілерінің аймақтық басқосуында атап көрсетілгендей, өткен жылы диқандар бес миллион тоннадан астам алтын астық жинап, оның 1,6 миллионы сатылған. Облыс әкімінің орынбасары Қадырхан Отаровтың айтуынша, қазіргі кезде көктемгі егіске қажетті 600 мың тонна тұқым мен қажетті көлемдегі жем сақтаулы. Оның сыртында қамбалар мен астық қабылдау нысандарында екі миллион тонна өткен жыл астығы үюлі жатыр. Биыл негізінен майлы және бұршақтық дақылдарға басымдық берілетін болады. Дала жұмыстарын өз деңгейінде, жоғары агротехникалық талаптарға сай өткізу мақсатымен жанар-жағар май мәселесі шешімін тапқан. Қолда бар техниканың 95 пайызы әзір етіліп, лизинг бойынша жаңадан 46 себу кешені, 165 астық комбайны сатып алыныпты. Жалпы, аймақтың ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдау аясында 3,6 миллиард теңге қарастырылған. Өңірдің аграрлық сала өкілдерінің жиынында әлемдік ауыл шаруашылығы техникаларының жетістігі ұсынылып, оны алудың жолдары айғақталды. Жиын аясында көктемгі егісті уақытында, жоғары талапқа сай өткізудің озық тәжірибесі ортаға салынып, бірқатар ұсыныстар қарастырылды.

Соңғы жаңалықтар