09:42, 10 Тамыз 2015 | GMT +5
Ақмола облысында Боқсық өзеніне суға батып кеткен 27 жастағы ер адамның мәйіті табылды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бұланды ауданында Боқсық өзеніне суға батып кеткен 27 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.
«Келеңсіз жағдай 9 тамыз күні таңғы уақыт 10:40 минут шамасында Бұланды ауданының Журавлевка селосында орын алған. Ауыл маңынан ағып өтетін Боқсық өзеніне мас күйінде шомылмақ болған 1988 жылғы ер адам П.Дубинский суға батып кеткен. Іздестіру шарасына ТЖД «жедел іздестіру жасағы» ММ-нің жеке құрамынан 5 адам және 1 суда жүзу құралы тартылып, сол күні кешкі 19:00 минут суға батып кеткен ер адамның денесі жағаға шығарылды», - деп көрсетілген хабарламада.