20:06, 25 Сәуір 2011 | GMT +5
Ақмола облысында дүкенде есірткі саудасын қыздырған бойжеткен құрықталды
АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Ақмола облысында дүкенде есірткі саудасын қыздырған бойжеткен құрықталды, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Ақмола облысы есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 22 сәуір күні облыс орталығындағы дүкендердің бірінің есірткі сатумен айналысқан сатушысын қолға түсіру операциясын өткізді. Бойжеткен шартты сатып алушыға 4,69 грамм марихуана сатып жатқан жерінде жұмыс орнында қолға түсті.