Ақмола облысында екі ауыл тұрғындары арасында жаппай төбелес бастаған күдіктілер полиция қолына түсті

АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Зеренді ауданында жаппай төбелес бастаған күдіктілер полиция қолына түсті, деп хабарлайды Ақмола облысы ІІД-нің баспасөз қызметі.
None
None

Еске сала кетейік, 31 желтоқсан күні ауданға қарасты Баратай мен Елтай тұрғындары арасында жаппай төбелес орын алған болатын.

Жаппай төбелес туралы полицияға Сарыөзек ауылдық округінің әкімі хабарлаған. Аталмыш оқиғаға қатысты дереу түрде жедел-тергеу тобы жіберіліп, оқиға болған жер жіті зерттеуге алынды. Жергілікті тұрғындардан жауап алу кезінде 29 желтоқсан күні Баратай аулында жергілікті тұрғын мен Елтай ауылының тұрғыны арасында жанжал тұтанып, кейін ол төбелеске ұласқандығы анықталды. Төбелестен соң Елтай ауылының тұрғыны кейін өш алу үшін келетіндігін айтып, кетіп қалған.

30 желтоқсан күні 22.30 сағат шамасында Баратай ауылына «Мазда» автокөлігімен Елтай ауылының 5 жігіті келеді. Сол жерде екі ауыл тұрғыны арасында төбелес болып, кейін Елтай ауылының тұрғыны оқиға орнынан із жасырып кетеді.  

Ал 24.00 сағат шамасында Баратайдағы клубқа 5 «Мазда» автокөлігі келеді. Оның ішінен 30 жігіт шығып, Баратай ауылының тұрғындарын ұрып-соғып, оларға оқ ата бастайды. Нәтижесінде екі ауыл тұрғындары арасында жаппай төбелес басталып кеткен.

Аталмыш төбелес барысында Баратай ауылының 1974 жылғы азаматы оқ жарақатын алды. Ол Көкшетау қаласындағы облыстық ауруханасына жеткізілді. Сонымен қатар 1983, 1989, 1992 жылы туған Елтай ауылының үш тұрғыны пышақ жарақаттарын алған.

Аталған оқиғаға қатысты бірнеше жедел-іздестіру шаралары қолға алынды. Төбелесті бастаған азаматтар ұсталды. Ал Елтай аулынан 4 шақырым жерде 16 калибрлі екі оқпанды ИЖ -1952 мылтығы табылды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Ауылдардағы жағдай толықтай қалпына келді.

Соңғы жаңалықтар