Ақмола облысында екі полковник мемлекеттің мүлкін талан-таражға салған

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмолалық полиция полковниктері А.Е.Сәдуов пен С.К.Жұмалина сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе талан-таражқа салу  бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Ведомствода мәлім еткендей, Ақмола облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің ведомствоаралық жедел тергеу тобымен бірлесіп, ҚР ҚК 189 бабы, 3 бөлігінде қарастырылған қылмысты (өзіне сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу  және талан-таражға салу) жасағаны үшін полиция полковниктері А.Е.Сәдуов пен С.К.Жұмалинаға қатысты сотқа дейінгі іс жүргізе басталды.

«Күдіктілер құқықбұзушылықтарды бір жыл көлемінде жасағаны анықталды. Полиция полковнигі Сәдуов А.Е. ішкі істер органдарындағы қызметінен кейтті. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр», - деп мәлім етті Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінде.

Соңғы жаңалықтар