Ақмола облысында екі жылдан бері жасырынып келген шетел азаматы қолға түсті

КӨКШЕТАУ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің жедел алдын алу тобының «Заңсыз» іс-шарасы барысында екі жылдан бері іздеуде жүрген шетел азаматы қолға түсті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТМД елдері өкілдерінің қатысуымен мемлекетаралық жедел алдын алу бағдарламасы аясында өткізілген іс-шараның басты мақсаты қауымдастыққа кіретін елдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септесу, іздеуде жүрген жеке тұлғаларды анықтау және арнайы тексерістен өткізу, із жасырып үлгерген қылмыскерлерді құрықтау болып табылады. Бұл жолы тәртіп сақшыларының қолына түскен шетел азаматы, «2008 жылы жеке мәселелеріммен келдім» деп ақталуға тырысқан. Ал, шын мәнісінде базарда жұмыс жасап жүрген. Сол жылдың наурыз айында ҚР Заңына сәйкес елден аластату турасында өкім шығарылған. Бірақ жымысқы әркеті алысқа бармай, қайта қолға түсіп отыр. Қазір 1978 жылғы Ресей азаматы ҚР ҚК-сінің 330-шы бабының 1-ші тармағы бойынша қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар