Ақмола облысында ер адам абайсызда табыншыны атып өлтірді

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - 16 қазан күні Ақмола облысы Ақкөл аудандық ішкі істер бөлімінің кезекшісіне телефон шалынып,
None
None

Степногорск қаласының орталық қалалық ауруханасына «бас-миының ашық жарақаты, бастағы бытыралы оқ жарақаты, ми комасы» диагнозымен Шортанды ауданы Бектау кентінің 29 жастағы тұрғыны жеткізілгені туралы хабарланды.  

Полиция қызметкері анықтағандай, жәбірленуші Ақкөл ауданында табыншы болып жұмыс істейді. Сол күні шамамен сағат 16:00-де Ақкөл ауданы Қына ауылының тұрғынына жылқы сатып алушы келген. Ер адам мен табыншы Одесский ауылының маңында жайылып жүрген табынға барған. Онда олар жылқыны ұстай алмай, Қына ауылының тұрғындарының бірінен мылтық сұрап алуды шешеді. Одан кейін табынға оралып, ер адам жылқыға қарай оқ атқанда, бірақ ол абайсызда табыншыға тиді. Ол ауруханада көз жұмды.

Қазіргі уақытта мойындау түсініктері алынды, «Абайсызда адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар
Референдум