09:43, 31 Шілде 2015 | GMT +5
Ақмола облысында ер адам өрт сөндіру кезінде денесі күйіп, ажал құшты
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Жақсы ауданында тұрғын үйден шыққан өрттің салдарынан 32 жастағы ер адам қайтыс болды.

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
«Өрт 31 шілде күні түнгі сағат 04:33 минут шамасында Жақсы селосында орын алды. Тілсіз жауды ауыздықтау барысында үй иесінің 1983 жылғы ағасының денесін 3 дәрежелі күйік шалған. Алайда, Жақсы аудандық ауруханасына жатқызылғанымен зардап шегушi алған дене жарқатынан көз жұмды», - деп көрсетілген хабарламада.