09:16, 27 Шілде 2015 | GMT +5
Ақмола облысында Есіл өзеніне батып кеткен 21 жастағы жігіттің мәйіті табылды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Есіл өзеніне батып кеткен 21 жастағы жігіттің мәйіті табылып, жағаға шығарылды.
Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
«Шілденің 26-сы күні кешкі сағат 18:50 минут шамасында Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында Есіл өзеніне шомылмақ болып, суға батып кеткен 1994 жылғы ер адамның денесі табылды.
Іздеу жұмыстарына ҚР ІІМ ТЖК «Орталық өңірлік аэромобилді жедел-құтқару отряды» ММ-нің жеке құрамындағы 4 қызметкері мен 1 арнайы суда жүзу техникасы тартылды», - делінген хабарламада.