Ақмола облысында гаражда тұрған көліктің ішінен жас жігіт пен қыздың мәйіті табылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Аршалы ауданында гаражда тұрған көліктің ішінде 27 жастағы жігіт пен 22 жастағы қыздың мәйіті табылды.
None
None

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, келеңсіз жағдай Аршалы ауданының орталығында 7 желтоқсан күні орын алған.

«Гаражда тұрған «ВАЗ-2107» көлігінің ішінен 27 жастағы жігіт пен 22 жастағы қыздың мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша екеуі де көліктің газ шығаратын түтіктен бөлінген улы газдан уланып қалуы мүмкін.

Мәйітте ешқандай күш қолданудың белгілері байқалмайды. Марқұмдардың денесі мәйітханаға жіберіліп, соттық медициналық сараптама жұмыстары тағайындалды», деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар