Ақмола облысында итальяндық стандарттар бойынша қонақтарға арналған эко-үйлер пайда болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Қонақ үйлер: Green Family Village» жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «Expo & Women» (халықаралық әйелдер ұйымы) басқарма төрағасы Гауһар Жеңісбек мәлім етті.
None
None

Италиядағы ЭКСПО-2015 көрмесіне сапар барысында туризмді дамыту мәселесі талқыланғанын жеткізген ол, осы орайда аталған елдің бизнесмендерімен қонақ үйлер жобасын іске асыру келісілгенін атап өтті.«Қонақ үйлер: Green Family Village» жобасы Италия тәжірибесін зерделей отырып эко-үйлер стандарттарын әзірлеуге негізделген. Осы орайда Ақмола облысындағы Арнасай ауылында демо-учаскелерді құру көзделген. Ол үшін жақын арада Италиядан мамандар шақырылатын болады. Бұл жоба Қазақстанда агротуризмді дамытуға ықпал етеді деген ойдамыз», - деді ол. Өз кезегінде «Expo & Women» (халықаралық әйелдер ұйымы) төралқасының төрайымы Салтанат Рахымбекова бүгінде шетел туристерінің тарапынан агротуризм ерекше қызығушылық тудырып отырғандығын жеткізді. «Біз бұған Италияға жасаған сапарымызда көз жеткіздік. Оларда агротуризм провинцияларда басымдықты бастау алып отыр. Қонақтарға арналған үйлерді жеке отбасылар бизнес ретінде салып алған. Шын мәнінде осыған барлық жағдайлар бар. Олардың енгізген стандарттары бізге қатты ұнады. Жыл соңына дейін бізге мамандар келіп, олар Ақмола облысындағы меймандарға арналған үйлердің жұмысына талдау жасайды. Осы орайда бұл бағыттағы мәселені шешуді оңтайландырмақпыз, яғни осындай үйлерді жаңадан салмай, қолданыстағыларын барынша оңтайландыруға мән береміз», - деді ол. Италияда Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының қолдауымен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиямен бірлесіп, Қазақстанның «Expo & Women» халықаралық әйелдер ұйымымен ұйымдастырылған «Болашақ энергиясы: әйелдер, бизнес және жаһандық экономика» атты алғашқы іскерлік форум жұмысын аяқтады. 19-26 қазан аралығында өткен форумға халықаралық әйелдер ұйымдарының, ірі мемлекеттік және жеке компаниялардың өкілдері, іскер топтар қатысты. Айта кетейік, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен Қазақстандағы ЭКСПО көрмесін қолдау мақсатында «Expo & Women» қозғалысы пайда болды. Осы орайда ЭКСПО көрмелеріне әйелдердің барынша үлесін қосу мақсаты қойылған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум