18:29, 02 Қазан 2015 | GMT +5
Ақмола облысында қарақшылықпен айналысқан күдіктілер қолға түсті
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында қарақшылықпен айналысқан күдіктілер қолға түсті.
Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Полицейлердің мәліметі бойынша, күдіктілер 2014 жылдың 1 желтоқсанында болған қарақшылық қылмысты анықтау барысында ұсталған.
Тексеріс барысында анықталғандай, күдікті 1986 жылғы жігіт өзінің 1987 жылғы сыбайласымен бірге 2014 жылдың 25 қазанында Бестөбе кентіндегі үйлердің бірінен қарақшылық жолмен, күш қолдану арқылы 2,4 миллион теңгені ұрлап кеткен.
Қазіргі кезде, қарақшылар ұсталып, үстерінен ҚР ҚК 192 бабының 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, олардың осы екі қылмысқа қатысы бар екені анықталып отыр.