Ақмола облысында кірпіш қалаушылар шеберліктерін сынады

Степногорск қаласындағы №2 құрылыс-техникалық колледжде өткен шараға өңірдегі кəсіби техникалық білім беру мекемелерінен келген 50 оқушы қатысты.
Жарыс барысында оқушылар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, кірпіш қалау шеберліктерін ортаға салды.
Нəтижесінде Көкшетау қалалық №1 құрылыс техникалық колледждің оқушысы Петр Кривего 1 орын алса, тағы бір көкшетаулық жоғары колледж оқушысы Алмат Қоңырбаев екінші орынды, Степногорск қаласындағы №2 құрылыс-техникалық колледж оқушысы Илья Давыденко үшінші орынды иеленді.
Сонымен қатар, жарысқа қатысқан Алишер Жахин, Андрей Оль, Əділ Байрамов, Ибрагим Тумгоев, Райнгольд Геткенің шеберліктері де ескеріліп, арнайы грамоталармен марапатталды.
Еске сала кетейік, өңірлік чемпионат халықаралық коммерциялық емес WorldSkills қозғалысы байқау жүйесінің алғашқы кезеңі болып табылады. Байқау кəсіби жұмыс беделін көтеруге және кəсіби техникалық білімді дамытуға бағытталған.
WorldSkills Kazakhstan финалдық жарысы ағымдағы жылы БАƏ Абу-Даби қаласында өтеді деп жоспарланған.