Ақмола облысында ҚР-дағы алғашқы ірі жел электр стансасы салынады

АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС («Samruk-Green Energy» ЖШС-нің 100% еншілес ұйымы) және Еуразиялық даму банкі Ақмола облысы Ерейментау қаласында қуаты 45 МВт болатын ҚР-дағы алғашқы ірі жел электр стансасының (ЖЭС) құрылысы жобасын қаржыландыруға 14,2 млрд. теңге сомасында несие желісін ашу туралы шартқа қол қойды.
None
None

Бұл туралы «Самрұқ-Энерго» АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті хабарлайды.

Хабарламада айтылғандай, ЖЭС құрылысы жобасын іске асыру баламалы энергетиканы енгізудің, атап айтқанда, парниктік газдардың шығарылуын азайтуға мүмкіндік беретін жел энергиясын қолданудың алғашқы қадамы болып саналады. Көмірсутекті отынды шығындамай, жылына 172 млн. кВт. сағ. астам электр қуатын өндіру 60 мың тоннадан астам көмірді үнемдеуге мүмкіндік береді.

«Алдағы EXPO-2017 көрмесін өткізу шеңберінде Ерейментау ЖЭС шығарған энергия есебінен көрме нысандарын электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету жоспарлануда», деп атап өтті «Самрұқ-Энерго» АҚ баспасөз қызметінде.

Соңғы жаңалықтар