Ақмола облысында оқушылар тағы да сабаққа бармайтын болды

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін ауа-райының күрт суытуынан Ақмола облысының барлық мектептерінде сабақ уақытша тоқтатылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық білім басқармасының мәліметіне сілтеме жасап.

Таңертеңгілік сынап бағанасы Еңбекшілдер ауданында минус 38 градусты, Көкшетау, Степногор қалаларында, Шортанды, Ерейментау, Бұланды, Астрахан аудандарында минус 33-35 градусты көрсеткен. Нәтижесінде бұл аудандарда 1-11 сынып оқушылары, Аршалы, Бурабай, Целиноград аудандарында 1-4 сынып оқушыларына мектепке бармау жөнінде ескертілді. Мұндай оқиға өңірде жыл басынан бері жиі жалғасып келеді.

Соңғы жаңалықтар