Ақмола облысында он күннен соң егін орағы басталмақ (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында он күннен соң егін орағы басталмақ.
None
None

Бұл туралы облыс әкімі Сергей Кулагиннің Зеренді, Сандықтау, Атбасар, Жақсы, Есіл, Жарқайың Егіндікөл және Астрахан аудандарына жұмыс сапары барысында айтылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Өңір басшысы аталған аудандарда астық жинау науқанына дайындық жұмыстарын пысықтап, шаруалардың пікірлеріне құлақ түрді.

Жалпы биыл облыс бойынша барлық дақылдар бойынша астық түсімі жақсы болады деп күтілуде. Өткен жаңбырлы жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы ауа райы да қолайлы болып отыр. Бүгінде облыстың барлық серіктестіктерінің егістік алқаптарының әр гектарынан орташа 13-15 центнерден астық алынады деп күтілуде.

Науқанға облыс бойынша барлығы 8466 бірлік комбайн жұмылдырылатын болса, оның 1129-ы алымдылығы жоғары шетелдік техника. Осы бағытта мемлекеттік бюджеттен 77 мың тонна көлемінде жанар-жағар май бөлінген.

Сапар барысында Сергей Кулагин Зеренді ауданының «Химик», «Зеренді Астық», «Әселжан», «Сенім Жер», «Викторовское», Сандықтау ауданының «Жабай», «Свободное», «Максимовское», Атбасар ауданының «Полтавка-2», «Шыңғыс», «Шуйское ХХІ», «Сочинское», «Сепе», Жақсы ауданының «Труд», «Новокиенка», «Каражон» Есіл ауданының «Ғарыш АШК» және «Торгай СХС» «Азамат-2030», «Жаңа Жер», Жарқайың ауданының «Мадияр-К», «Атай» «Бауыр-агро», «Диқан-4», «Интернационал-Астана», «АБС Жаркөл» жауапкершілігі шектеулі серікестіктерінің егістік алқаптарын аралап шығып, аталған өңірде егіннің шығымы жақсы екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум