Ақмола облысында өткен мерзімде инфляция 5,2 пайыз деңгейінде қалыптасты

КӨКШЕТАУ. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облыстық статистика басқармасының деректеріне сәйкес, ағымдағы жыл ішінде өңірде инфляция деңгейі 5,2 пайыз деңгейінде қалыптасып, азық-түлік тауарлары 1,9 пайызға, өнеркәсіп тауарлары-7,6 пайызға, ақылы қызмет көрсету-7,3 пайызға қымбаттаған,
None
None

деп хабарлайды ҚзАқпарат тілшісі.

Жыл ішінде құс еті 2,5 пайызға, балық және теңіз өнімдері-3,4 пайызға, ет және ет өнімдері-3,5 пайызға, сүт өнімдері-6,1 пайызға, спиртсіз сусындар-9,8 пайызға, темекі бұйымдары-16 пайызға, қант-42,5 пайызға қымбаттады. Оның есесіне жыл ішінде сұйық май-20,3 пайызға, ұн-15,4 пайызға, көкөніс пен жеміс-жидек-11,5 пайызға, жұмыртқа-10,4 пайызға, жарма-3,8 пайызға, нан-1,8 пайызға, макарон өнімдері-1,7 пайызға арзандады. Өнеркәсіп тауарлар нарығында жекелей қысқы киімдер бағасы 0,7 пайызға, көгілдір отын-1,8 пайызға, бензин-2,7 пайызға өскендігі тіркелді. Ақылы қызмет түрлерінде білім беру, киімді тазалау мен тігу, шаштараз, көлік пен байланыс, мәдениет, тұрмыстық жабдықтарды жөндеу қызметі қымбаттап отыр. Ал, қоқыс шығару 26,1 пайызға, электр қуаты 40,6 пайызға қымбаттады.

Соңғы жаңалықтар