Ақмола облысында өткен сегіз айда жол-көлік апатынан 87 адам мерт болды

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облыстық жол полициясы басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ағымдағы жылдың сегіз айында өңірде 303 жол-көлік апаты тіркеліп, онда 87 адам мерт болып, 370-і әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаларға жеткізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Осы уақыт аралығында өңір жол тәртіп сақшылары жүргізушілер тарапынан 70 мың жол-қозғалыс ережелерін сақтамау оқиғасын анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Жыл ішінде ішкілік ішіп көлік жүргізген үш мың жүргізуші куәлігінен айырылды. Өңірде жол-көлік апатының алдын алу мақсатымен «Абайла, балалар», «Бұл оқиға болмас еді» акциялары қолға алынған. Оған халық жасақшылары, мемлекеттік емес ұйымдар, жастар қоғамдық бірлестіктері, баспасөз өкілдері, мектеп және жоғары оқу орындары оқушылары мен студенттер көптеп тартылып отыр.

Соңғы жаңалықтар