Ақмола облысында өткен жеті айда 6 462 адам жұмыспен қамтамасыз етілген

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облыстық статистика департаментінің деректеріне сәйкес ағымдағы жылдың жеті айында 6 462 адам тұрақты жұмысқа орналастырылып, 497-сі біліктілікті жоғарылатудың дайындығына, қайта дайындауға бағытталған, 4 609 кісі қоғамдық жұмыстарға тартылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметтері бойынша 2010 жылдың шілдесінде жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органдарға 1 392 адам, соның ішінде 689 ауыл тұрғыны өтініш жасаған. Еңбекпен қамту өкілетті органдардағы есепте жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтар саны үстіміздегі жылдың шілде айының соңына 4 107 адамды құрап отыр, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2 773 адамға төмен. Өткен шілде айында 1001 адам жұмысқа орналастырылып, 66-сы біліктілікті жоғарылатудың кәсіби дайындығына, қайта дайындауға жолдама алып, 608-і қоғамдық жұмыстарға қатысқан.

Соңғы жаңалықтар