Ақмола облысында өткен жылдың 4 тоқсанында белсенді тұрғындар қатары 1,6 пайызға кеміді
оның 49,9 пайызы әйелдер, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы уақытта Халықаралық еңбек ұйымының ұсынысына сәйкес жұмыссыздар ретінде 27,2 мың адам тіркелген, бұл барлық белсенді тұрғындардың 6,3 пайызына тең. Соның ішінде жұмыссыз нәзік жандар 55 пайызды құрайды. Жалпы жұмыссыздардың орта жас деңгейі 37-ге тең. Еңбекке тартылғандар қатары ауыл шаруашылығында 12,1 пайызға кеміп, коммуналдық, әлеуметтік қызмет салаларында - 35,9 пайызға, сауда-саттықта - 26,4 пайызға, қаржы жүйесінде -17,3 пайызға, өнеркәсіпте - 7,9 пайызға өскендігі тіркелген. Жұмыспен қамтылған тұрғындардың 21,7 пайызы толық емес жұмыс күнінде еңбек еткен, бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 4,2 пайызға төмен. Соның ішінде уақытша жұмыс істейтін әйелдер қатары 26,9 пайызды құрады.