Ақмола облысында перзентханада іштегі баласын отамен жарып алған 43 жасар әйел көз жұмды

Оның айтуынша, қайғылы жағдай 21 қараша күні 15:50 шамасында Жарқайың аудандық ауруханасында орын алған. Ішіндегі сәбиін өзі туа алмаған әйелге ота жасау барысында көз жұмып, нәрестесі (қыз бала) аман қалды.
«Марқұм болған келіншектің жасы 43-те. Осыған дейін оның денсаулығына ешқандай қауіп төнуі немесе басқа ауытқу байқалған жоқ. Әйелдің өліміне не себеп болғанын дәл қазір тіс жарып айту мүмкін емес. Барлық материалдар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне жіберіліп, сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның қорытындысына сай себебін анықтайтын боламыз. Бір анығы дәрігерлер ішіндегі сәбиін өзі туа алмаған соң ота жасап, жарып алмақ болған. Ота жасау барысында әйелдің көп қан жоғалтқаны рас», - дейді Бибігүл Иманқұлова.
Еске сала кетсек, бұл - облыста жыл басынан бері тіркеліп отырған екінші жағдай. Осыған дейін қыркүйек айында дәл осындай жағдайда ота жасағаннан кейін екі-үш күн салып, 24 жасар әйел көз жұмған болатын.