Ақмола облысында салық инспекциясының екі қызметкері пара алу кезінде қолға түсті

КӨКШЕТАУ. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің жедел іздестіру тобы кезекті  шара барысында облыстық салық инспекциясының екі қызметкерін пара алу үстінде қолға түсірді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің деректері бойынша, бір кәсіпкерге салынған айыппұлды азайтуға «қол ұшын» бермек болған салық инспекциясының өкілдері 40 мың теңге «сыйақы» алмақ болған жерінде құрықталып отыр. Қазір жас мемлекеттік қызметкерлердің үстінен ҚР ҚК-сінің 311-ші бабы 4-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар