Ақмола облысында тоғыз айда құрылыс саласына 67 559 миллион теңге инвестиция тартылды

КӨКШЕТАУ. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысында құрылыс саласын өрге бастыру мақсатына ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 67 559 миллион теңге мөлшерінде қаржы жаратылып отыр, бұл былтырғы деңгеймен салыстырғанда едәуір артық,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика басқармасының мәліметтеріне сілтеме жасап.

Осы уақыт аралығында өңірде 86 531 шаршы метр баспана пайдалануға берілсе, оның 9580 шаршы метрі мемлекет, 76 493 шаршы метрі жеке құрылыс есебінен іске қосылған. Жалпы баспана тұрғызу өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 84,3 пайыз деңгейінде қалыптасса, өсім Сандықтау ауданында 41,5 пайызды, Астраханда 38,4 пайызды, Целиноград ауданында 25 пайызды, Атбасар ауданында 23,1 пайызды құрады. Жыл ішінде аймақта жалпы көлемі 164,8 мың шаршы метр 600 нысан іске қосылып отыр. Статистика басқармасының деректеріне сәйкес өткен мерзімде 64 414 миллион теңгенің құрылыс-монтаж жұмыстары атқарылып, өсім өткен жылмен салыстырғанда 2,2 пайызды құрады. Аймақтар бойынша бұл жұмыстар Зеренді ауданында 47 есеге, Сандықтауда 9 есеге, Есілде 4,9 есеге, Степногор қаласында 4 есеге артып отыр.

Соңғы жаңалықтар