Ақмола облысында үш тоқсанда 708 миллион теңгенің туристік қызметі көрсетілді

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы уақыт аралығында өңірдің әсем табиғатын тамашалап, мәдени-тарихи құндылықтарымен танысуға 38 мың адам келіп, кеткен көрінеді. Уақыт өткен сайын қанатын кеңге жайып келе жатқан кәсіпкерліктің бұл түрімен облыс көлемінде 25 туристік фирма мен 7 жеке кәсіпкер айналысуда. Бұл ретте Көкшетау қаласында 16, Бурабай ауданында 11 құрылым қызметтің осы түрін қалап алған. Өңірде меймандарды қабылдап, орналастыру ісіне маманданған 116 кәсіпорын мен жеке кәсіпкер 87 мың адамға 670 миллион теңгенің қызметін көрсеткен. Меймандардың 56,3 пайызы дем алып, тынығу үшін келсе, 41,3 пайызы іскерлік мақсатпен болған. Өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айымен салыстырғанда ағымдағы жылы туристер қатары 16,8 пайызға, көрсетілген қызмет 33,2 пайызға өскен.