Ақмола облысында жол апатынан 4 адам зардап шекті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай ауданында «Тойота карина» мен «ДАВ» жүк көлігі соқтығысып, 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі «Қазавтожол» РМК-нің операторына сілтеме жасап.
None
None

«Қазавтожол» РМК қызметкерінің мәліметі бойынша, жол-көлік оқиғасы ағымдағы жылдың 16  қазанында кешкілік уақыт 20:10 шамасында «Астана-Петропавл» тас жолының 250 шақырымында  орын алған.

«Бурабай ауданындағы Ақылбай ауылының маңынан өтетін күре жолды бойында «Тойота карина» көлігінің 1981 жылғы жүргізушісі рөлге ие бола алмай жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «ДАВ» жүк көлігіне соғылды. Осының салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен 3 жолаушысы Бурабай аудандық ауруханасына жатқызылды», - деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар