17:06, 19 Қазан 2016 | GMT +5
Ақмола облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Апат 18 қазанда Жақсы ауылына жақын жерде «Екатеринбург - Алматы» тасжолында орын алды.

«Мерседес Бенс» көлігінің 1970 жылы туған жүргізушісі (Сандықтау ауданының тұрғыны) қарсы жолаққа шығып кетіп, Қостанай облысының тұрғыны басқарып келе жатқан «Тойота Камри» маркалы көлігімен соғысты. Апат салдарынан оқиға орнында «Мерседес Бенс» көлігінің жүргізушісі, «Тойота камри» көлігінің жолаушысы қаза тапты», - деп хабарлады Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінде.
«Тойота» жүргізушісі Жақсы ауданының аудандық ауруханасына жеткізілді.
Полиция деректеріне сәйкес, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.