Ақмола облысында жұмыс берушілер тарапынан 7770 заңсыздыққа жол берілген

КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - «Қазақстан кәсіподақтарының Ақмола облыстық федерациясы» қоғамдық бірлестігінің есеп беру сайлау жиынында өткен жыл ішінде жұмыс берушілер тарапынан 7770 заңсыздыққа жол берілгендігі атап көрсетілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде өз қарауына 80 мыңнан астам адамды топтастырып отырған қоғамдық ұйым белсенділерінің атсалысуымен тек өткен жылы жұмыс берушілердің заңсыз әрекеттеріне орай 279 өтінішті қарап, тиісті іс -шара қолданылған. Биылдың өзінде мыңнан астам заңсыздыққа жол берілген. Есепті кезеңде еңбек заңын аяқасты етуге байланысты 76 іс құқық қорғау орындарына тапсырылыпты. 2009 жыл ішінде кәсіпорындар мен ұйымдарда жүргізілген 94 тексеріс кезінде 646,4 миллион теңге жалақы қарызы бары анықталып, алты мың теңге айыппұл салынған. Қазіргі таңда еңбекақы борышы 145,4 миллион теңге деңгейінде қалыптасқан. Өз кезегінде салалық кәсіподақтар ұйымдарының жетекшілері мен ведомстволар өкілдері кәсіподақтар құқын қорғау, еңбек заңын сақтау, жұмыс орнындағы қауіпсіздік ережелерін қадағалау сынды міндеттерге ерекше назар аударды. Кәсіподақтар жиынына ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Серік Аяғанов пен Светлана Жалмағанбетова қатысып, қаралған мәселелер төңірегінде өз ойларымен бөлісті.

Есепті конференцияда өңірлік қоғамдық бірлестік төрағасы болып Кеңес Бекішев қайта сайланды.

Соңғы жаңалықтар