Ақмола облысында жыл басынан бері 17 мың 303 сот ісі қаралды

КӨКШЕТАУ. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысы аумағындағы аудандық және оған теңестірілген соттарда ағымдағы жылдың төрт айында 17 мың 303 азаматтық,
None
None
қылмыстық және әкімшілік істер қаралып, тиісті сот шешімдері шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Облыстық сот төрағасы Ештай Ақжанның айтуынша, осы мерзім ішінде қалалық және аудандық соттарға барлығы 9839 азаматтық іс түсіп, оның 7823-і қаралып, 5957-іне шешім шығарылған. Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы 473 азаматтық аппеляциялық тәртіп бойынша іс қарап, оның 220-на төрелік айтты. Облыстық сотқа әкімшілік жауапкершілікке тартылған істер бойынша 102 қаулыға наразылық шағым келіп түскен. Аппеляциялық және қадағалау тәртібі бойынша 233 сот актілері өзгертілді және күшін жойды. Өткен жылдан бастап Көкшетау қалалық, Зеренді және Щучье аудандық соттарында істерді үзіліссіз қарау тәжірибесі енгізілсе, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап оны барлық облыстық соттардың азаматтық және қылмыстық істерінде қолдану жөнінде шешім шығарылды.
Соңғы жаңалықтар