Ақмола облысында жыл басынан бері 86 келі есірткі заттары тәркіленді

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облыстық есірткі бизнесімен күрес басқармасының мәлімдеуінше, ағымдағы жылдың басынан бері өңірде есірткімен байланысты 290 қылмыстық әрекет тіркеліп, соның барысында 86 келі 749 грамм есірткі заттары тәркіленген,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Есірткімен күрес» іс- шарасы барысында қоғамдық тәртіп сақшылары Шортанды кентінде «жедел сатып алу» шарасын жүзеге асыру нәтижесінде есірткі саудасымен айналысып келген 1962 жылғы М. есімді азаматшаны қолға түсірген. Одан сатып алынған 47 грамм героин тәркіленіп, үйінде жүргізілген тексеріс барысында тағы да 1 келі 300 грамм есірткі заты жасырын сақталғаны анықталды. Оның Алматы арқылы есірткі бизнесімен айналысып жүргені белгілі болып отыр. Қазір күдіктінің үстінен ҚР ҚК-сінің 4-ші бабы, 253-інші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынған.

Соңғы жаңалықтар