Ақмола облысында жыл ішінде 10 487 адам жұмыспен қамтылды

КӨКШЕТАУ. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облыстық статистика басқармасының деректері бойынша ағымдағы жыл басынан бері жұмыссыздар ретінде тіркелген 16 839 адамның 10 487-сі жұмыспен қамтылған, бұл өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда едәуір артық,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еңбекпен қамту және әлеуметтік үйлестіру басқармасының мәліметіне орай бүгінде өңірде 6 216 адам жұмыссыздар ретінде тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 589 адамға көп. Алдын ала есепке сәйкес жұмыссыздар есебіне алынғандардың 3 953-і іске тартылып отыр. Бұл ретте жұмыссыздардың үш мыңы ауыл тұрғындары болса, олардың екі мыңға жуығы әйелдер көрінеді. Аймақтар бойынша алып қарағанда екі қолға бір күрек таппағандар қатары Көкшетау мен Степногор қалаларында екі мыңға таяу, Бурабайда 1620 адам, Бұландыда 1526 адам, Есілде 1107 адам, Жақсы ауданында 1055 адам болса, оларды орналастыру деңгейі Степногор мен Көкшетау қалаларында, Атбасар, Есіл, Бурабай аудандарында оң шешімін тапқан.

Соңғы жаңалықтар